Экологиялық саясат

TOYOTA ФИНАНС

Toyota компаниясы жаһандық талаптарға жауап ретінде алдына бірқатар стратегиялық міндеттер қойды, соның ішінде экологиялық мәселені бірінші орынға шығару, көлік өндірудің, пайдаланудың және кәдеге жаратудың барлық кезеңдерінде қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту, сондай-ақ жаһандық және аймақтық ауқымдағы көптеген басқа мәселелер, осылайша Toyota әлемде алғашқылардың бірі болып жаһандық ауқымда қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты бастап кетті. Қоршаған ортаны қорғау қозғалысына барған сайын көбірек компанияларды тарту арқылы Toyota әлемді едәуір таза әрі қауіпсіз етуге, табиғатты болашақ ұрпаққа сақтап қалуға тырысады. Барлық Toyota бөлімшелерінде қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету үшін Toyota Tsusho Kazakhstan Auto орталықтандырылған экологиялық басқару жүйесін дайындады, әрі қажетінше бөлімшелерін сертификаттап тұрады.

Тойота Есіл Орталығы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи үрдістерден қалыспауға талпына отырып, компанияның басқа дилерлік орталықтарымен қатар ISO 14001:2015 халықаралық стандарты аясында экологиялық менеджмент жүйесінің талаптарына сай болуға ниетті, сондықтан, бірінші кезеңде экологиялық саясатты енгізді Экологиялық саясат.

 ISO 14001 - қоршаған ортаны қорғауға мүдделі компаниялар өз еркімен орындауға міндеттелетін халықаралық экологиялық стандарт.

Біз қоршаған ортаны үздіксіз қорғау мақсатында компаниямызда экологиялық менеджмент жүйесін дамытуға және жетілдіруге ниетті екенімізді ашық мәлімдейміз, қазіргі таңда біз «Русский Регистр» Сертификаттау қауымдастығында экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкестігімізді растауға дайынбыз.


Біз қоршаған ортаны қорғауды әлеуметтік үлес
іміз ретінде қарастырамыз және клиенттерімізбен және басқа да қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс істей отырып, қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған қоғам құру үшін барлық қажетті қадамдарды жасаймыз.